«TED Talks» алаңы. Тәжірибе мен тәрбие

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 303
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыстық әдістемелік орталықтың ұйытқы болуымен «TED Talks» алаңы өтті. Мұнда ұстаздар арасында тәрбие саласындағы инновациялық, озық тәжірибелерді айқындады. Еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге өзара бақ сынады. Білім додасына 10 аудан, 7 облыстық білім беру ұйымдары қатысты.

«TED Talks» алаңының ережесіне сәйкес қатуысушы сынып жетекшілері; Мектептегі үштік одақ қызметі;  Жақсы педагог болу үшін; Заманауи педагог имиджі; Мектептегі стартап-жобалар;  Мектеп өміріндегі басты құндылық; Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық формалары; Оқушыларды тану үшін мен таңдаған 10 әдіс; Оқушыңа үлгі бол; Білім алушыларда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары; Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру сынды тақырыптар аясында өзінің тәжірибесін көпшілікке түсінікті әрі қолжетімді TED форматында жеткізді.

«TED Talks» алаңының нәтижесіне сәйкес «Құнды тәжірибе» номинациясын Жыланды лицей-интернатының сынып жетекшісі Айбота Айқынқызы, сарқандық Абай атындағы мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Арайлым Сансызбайқызы, «Үздік педагогикалық тәжірибе» номинациясын Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектебінің сынып жетекшісі Балжан Болғанбекова, Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп – гимназиясының сынып жетекшісі Айгерим Есенбекова, «Еркін ой» номинациясын Көксу ауданы, «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Мөлдір Айдарқызы иемденді.

Одан бөлек «Үздік оратор» номинациясына Текелі қаласы, «№8 орта мектебінің сынып жетекшісі Мадина Бегас  ,«Үздік сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру» номинациясына «Талдықорған қаласының облыстық №2 арнайы мектеп интернатының тәрбиешісі Елена Шамсутдинова, «Тайм менеджмент» номинациясына Талдықорған қаласындағы Білім-Инновация лицейінің тәрбиешісі Мейір Қажы лайық деп танылды.          «Ізденімпаз жетекші» номинациясы Панфилов  ауданы Үлкеншыған орта  мектебінің сынып жетекшісі Гульзада  Матайбаева  мен   Талдықорған қаласы, №29 орта мектеп лицейінің сынып жетекшісі Касенова Талшын Талғатқызына бұйырды.

Мұхтар КҮМІСБЕК