Жаңа ойын алаңы қолданысқа берілді

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 312
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы Еркін ауылдық округіне қарасты 3 бөлімшеде жаңа балалар ойын алаңы қолданысқа берілді.

«Халық қатысатын бюджеті» бағдарламасы аясында салынған бұл алаң заман талабын сай жабдықталған. 

Мамандардың мәліметінше, өткен жылдың өзінде Еркін ауылдық округінде осы бағдарлама бойынша Көктал тұрғын үй алабына 3 балалар алаңы салынса, биылғы жылы аталған тұрғын үй алабындағы Амангелді көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы ағымдағы жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, былтыр 3 бөлімше аумағына электр жүйелері тартылып, ескі бағаналарды жаңарту мен қатар түнгі жарық шамдарды қою жұмыстары басталған болатын. Бұл жұмыстар маусым айында толығымен аяқталмақ.

Жергілікті жұрттың айтуынша, облыс орталығының аумағындағы  3 бөлімшеде бұрын балалар ойын алаңы болмағандықтан халық  әкімдердің әр кездесуінде жиі көтеріп келген. 

 – «Осындай балалар алаңын салып берген әр азаматқа айтар алғысымыз шексіз. Мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалыпты. Аумағы қоршалған, резеңке жабындысы тегіс  төселген. Ойын құралдары да сапалы екен, өте қуаныштымыз», - деді бөлімше тұрғыны Светлана Ажикенова.

                                                                     Айдын КӘЛІМХАН