БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗДА 13 КҮН ДЕМАЛАДЫ

Уақыты: 15.02.2020
Оқылды: 1363
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2020 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мерекелерде 8, ал сенбі-жексенбіні қоса есептегенде 13 күн демалады. Бұл туралы www.uchet.kz сайты мәлімдеді.

Сегіз күннің ішінде Халықаралық әйелдер күні мен Жаңа жылымыз - Наурыз мейрамы бар. Аптаның алты күнінде жұмыс істейтіндер жалпы 10 күн демалатын болып отыр. Халықаралық әйелдер күні қазақстандықтар қатарынан үш күн (7, 8 және 9 наурыз), Наурыз мейрамында бес күн (21-25 наурыз аралығында) демалыс жарияланады. Наурыздың 26-сы жұмыс күні болады. Аталған демалыс күндері кейбір жекелеген кәсіпорындарға, сондай-ақ, құзырлы мекеме, медицина, төтенше жағдай, түрлі көлік тасымалы қызметкерлеріне қатысты болмауы мүмкін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды