"50 ЖАСТА": ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІНШІ АДАМ КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 31.03.2020
Оқылды: 1180
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен екінші адам көз жұмды.

Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр. Пациент 50 жаста болған. 2020 жылы 21 наурызда "Жедел медициналық жәрдем" бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылған.

"Қазақпараттың" мәліметінше, марқұм бір ай бойы ауырған, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысында жиі іс-сапарларға шығып тұрған. Жақын байланыста болған отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды. Тағы да ықтимал байланысқан 55 адамға үй карантині белгіленді. Сонымен бірге, отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"