ЕЛІМІЗДЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНСТИТУТТЫҢ БІРІНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Уақыты: 18.05.2020
Оқылды: 1350
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандағы іргелі ғылыми зерттеу институттарының біріне Алаш қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Бұл жайында белгілі ғалым, алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Қадірлі Алаш ұрпақтары! Еліміздегі жалғыз Орман шаруашылығы және агро-орманмелиорациясы ғылыми зерттеу институтына ұлт көсемі, қазақтың тұңғыш ормантанушы-ғалымы (патшалық Орман институтының түлегі – 1890-1894 жж), ғұлама ғалым, қазіргі қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушы әрі тұңғыш басшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН есімі берілді. Бұл игі іс ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің қызметкері, СПбМОТУ түлегі (бұрынғы патшалық Орман институты), ұлт жанашыры Мәйкен Әзенұлының бастамасы мен күш жігері арқасында жүзеге асты. Құтты болсын!" - деп жазды ол.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан