МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚАРНЫН ҚАМПАЙТТЫ

Уақыты: 09.02.2021
Оқылды: 1082
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызмет нәтижелерін жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылға арналған мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспарын 102,6 пайызға асыра орындады. Болжам бойынша 547,5 млрд.теңге болуы керек еді. Бірақ іс жүзінде 561,8 млрд.теңге түсті.

Түсімдердің 110,3 пайызға өсу қарқынына қол жеткізілді және өткен жылдан 52,5 млрд.теңгеге артық өндіріп алынды (2019 жылғы факт - 509,3 млрд.теңге).

Республикалық бюджет бойынша жоспар 100,9 пайызға орындалды, болжам бойынша 275,4 млрд.теңге, іс жүзінде 2,6 млрд.теңге өсіммен 278,0 млрд.теңге түсті.

Жергілікті бюджет бойынша атқару 104,3 пайызды құрады, болжам бойынша 272,1 млрд.теңге, іс жүзінде 11,7 млрд.теңге өсіммен 283,8 млрд.теңге түсті.

Салық түсімдерінің және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің болжамды көрсеткіштерін орындау мақсатында департамент және оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері жалпы 2020 жылы 31,7 млрд.теңгеге қосымша қорлар іздестіріп алынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 7,8 млрд.теңгені немесе 32,6 пайызды құрады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"