ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ОБЛЫСТАҒЫ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 21.02.2021
Оқылды: 658
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«Jetisu media» ақпараттық алаңында Алматы облысы аумағындағы қалақұрылысы құжаттамаларын әзірлеу тақырыбы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Онда облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Тәңірберген Дәркенбаев пен аталған басқарманың бас жоспарлау және аумақты құрылыстандыру бөлімінің басшысы Айдос Күнесбаев атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті.

Тәңірберген Садықұлының айтуынша, бүгінде облыс аумағындағы қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасын екі кезең бойынша әзірлеу жұмысы аяқталыпты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-шаруашылық, табиғи-климаттық жағдайын ескеріп, қала құрылысын дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуді мақсат еткен жобаның орындалу мерзімі 2045 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Аталған жобада аймағымыздағы 17 аудан, 3 облыстық, 7 аудандық маңызы бар қала, 731 ауыл мен 246 ауылдық округтың шегаралары толық қамтылған. Сондай-ақ, 2030 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласының урбанистика және қалалық жоспарлау басқармасының келісімі бойынша Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу жобасы да сызылған. Осыған орай Қарасай, Іле, Талғар аудандарындағы 30 елді мекеннің жобасы қайта жаңартылыпты.

Келесі кезекте сөз алған Айдос Күнесбайұлы қала құрылысын реттеу жобасы бойынша атқарылған шараларды түсіндіріп өтті. Ол бағытта да жұрт сүйсінер тың дүниелер жетерлік.

Қажет АНДАС

Сурет ғаламтордан алынды