ҮШ ЖЫЛДА 40 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Уақыты: 13.11.2021
Оқылды: 1179
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайту туралы Елбасының тапсырмасы мен Президенттің Жолдаудағы міндеттері қалай орындалып жатқанын айтып берді.

Спикердің айтуынша, белгіленген міндеттерге сәйкес, 2030 жылға қарай Алматы облысы бойынша 138 мың гектарды қалпына келтіру жоспарланған. Соңғы үш жылда бұрын айналымнан шығып қалған 39 мың гектар суармалы жер қайта тартылды.

- Биыл 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін ирригациялық құрылыстарға 6,3 млрд.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Ислам даму банкінің қаржысы есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілері қайта жаңартылып жатыр, - деді Амандық Баталов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"