Әлеуметтік дүкен ашылды

Уақыты: 16.11.2017
Оқылды: 1193
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Райымбек ауданының орталығынан республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Атамекенім!» акциясы аясында «Бәрі де рахмет үшін!» атты әлеуметтік дүкен ашылды. 
Бұл игілік  аудандық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер  кеңесінің, кәсіпкерлер кеңесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Әлеуметтік дүкенге негізінен жылы киімдер мен аяқкиімдер топтастырылыпты. Бұл киімдер әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларының мүшелеріне тегін беріледі. Осы күні Мейрамхан Мұқамедиева, Шолпан Жанбабаева, Талғат Нүсіпқожаев, Серік Саниязов, Хайрулла Иісбаев секілді еңбеккер азаматтар,  «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, игілікті шаруаның басы-қасынан табылды.
Дүкеннің салтанатты ашылуында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Райымбек ауданының әкімі Жанат Тажиев сөз сөйлеп, әлеуметтік дүкеннің ашылуына қолдау көрсеткен жандарға алғыстарын айтты.

Қ. БІРЖАНСАЛ.