Қазақстанда ашытылған сүт өнімдері өндірісі азайған – министрлік

Уақыты: 02.05.2023
Оқылды: 1139
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Елімізде сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері өндірісі азайған. Оған шикізат базасының дамымауы себеп болып отыр. 

Бұл туралы кезекті үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.


«Сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат базасын кеңейту үшін өңірлік ӘКК арқылы ірі тауарлық-сүт фермалары құрылысын жеңілдікпен қаржыландыратын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі кеңейтілуде. Бұл жоба нәтижесінде отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтамасыз етіледі және сүт бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендейді», - деді Е. Қарашөкеев.

Министр сонымен қатар, аталған мақсаттарға 2023 жылға өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құру көзделген. Оған 100 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Ал келесі жылдары жоспарда қосымша 50 тауарлы-сүт фермасын салу көзделіп, оған 113 млрд теңге қаражат қажеттігі анықталған.

Фото: ғаламтордан