ТҮСІМ ҚОМАҚТЫ

Уақыты: 30.11.2023
Оқылды: 588
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Күз ала жаздай арқасын күн жеп, бел жазбай бейнет қылатын диқаншы қауымның тоқшылыққа кенелер шағы. 

Иә, дәл осындай межелі мерзімде өсірген өнімді шашпай-төкпей қамбаға құйып, оны ысырапсыз толық жинау аса маңызды. Ескелді ауданы бұл жұмысты толық орындады. 

Аудан бойынша 32754,2 гектарға дәнді дақылдар себілген. Бүгінгі күнге 11363,2 гектар бидай, 16833 гектар арпа толығымен қамбаға түсті.  4426 гектар жүгерінің 3850 гектары шабылды. Өнім жинау жұмысы жүйелі жалғасуда.

2023-2024 жылғы мал қыстату науқанына жоспарланған 205,3 мың тонна мал азығы толық дайын. 108,3 мың тонна шөп, 12,8 мың тонна пішендеме, 25,5 мың тонна сабан, 24,9 мың тонна сүрлем, 27,3 мың тонна жем мал басының аман сақталатынына кепіл десек болады.

Биыл ауданда 74  қожалық 1 мың 911,6 гектар қант қызылшасын екті. 15 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Қант қызылшасының орташа түсімі гектарына    594 центнерден айналды. 

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: gov.kz