САЙЛАУ-2022: ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАУШЫЛАРЫ ЖЕТІСУ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 04.11.2022
Оқылды: 2477
Бөлім: САЯСАТ

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті.

Атап айтсақ, Республикалық қоғамдық штаб мүшелері өңірдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының басшыларымен жолықты. Сондай-ақ, Балпық би ауылында Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарды талқылады.

Осыдан кейін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың қатысуымен Қазақстанның ғылыми-мәдени зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Басқосу барысында қатысушылар кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, қонақтар кандидаттың сайлауалды штабының жұмысымен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін қалдырды.

Еске сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 19 қарашада аяқталады. Ал 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"