МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН КӘСІПОДАҚТЫҢ БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАДЫ

Уақыты: 09.11.2022
Оқылды: 1304
Бөлім: САЯСАТ

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Бұл туралы кандидаттың сайлауалды штабы хабарлады.

Кездесуде үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды.

Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жай-күйі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар зейнетақы аударымдары, жалақы, жұмысқа орналасу тақырыптары мен өңірдің мәселелерін талқылады.

Еске салайық, бұған дейін кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кездесу өткізген болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"