ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУШЫЛАР "JLC" СҮТ ЗАУЫТЫНА БАРДЫ

Уақыты: 10.11.2022
Оқылды: 1105
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорған қаласында орын тепкен «JLC» сүт зауыты тек өңірге ғана емес, елге танымал кәсіпорын. Сапалы өнім өндіруде де талайды шаң қаптырады әрі жұмысшылар саны бойынша да алдыңғы орында.

Осындай ауқымы кең ұжымға еліміздегі өрелі істер мен алдағы жеті жылда жүзеге асатын оңтайлы бастамалардың жайын тарқату мақсатында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Жетісу облыстық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары А.Арын осында ат басын бұрды.

Ұжым мүшелерімен өткен кездесуде спикер ауыл шаруашылығындағы жүйелі жұмыстардың тінін тарқатты. Саладағы мәселелердің де жайы назардан тыс қалмады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни, 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"