"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Уақыты: 14.11.2022
Оқылды: 1234
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Республикасының президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев елордада «DANMARD» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кандидат кездесуде еңбек адамының рөлін көтеру мәселесін және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жағдайын талқылап, сайлауалды бағдарламасында қарастырылған бағыттарды түсіндірді. Әскерилер мен өрт сөндірушілерге киім тігетін «DANMARD» ЖШС-нің жұмысшылары үміткерден өздерін толғандырған мәселелерді шешудің жолдарын сұрастырды.
Естеріңізге сала кетсек, Жигули Дайрабаев бұған дейін Абай облысының жұртшылығымен кездесулер өткізіп, халқымыздың руханиятына үлес қосқан – Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы таратқан мәліметке қарағанда еліміздің барлық аймағында үгіт-насихат науқаны жүргізіліп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"