Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 1005
Бөлім: САЯСАТ

Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz дерегіне сүйеніп.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Ауғанстаннан келген делегацияны күтіп алдық. 200-ден астам адам", - деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, жуырда B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.

"Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар", - деп жазды ол.   

Сурет: twitter/Serik Zhumangarin