АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 400-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ ПОЛИЦИЯ НАЗАРЫНА ІЛІКТІ

Уақыты: 27.03.2021
Оқылды: 1127
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер екі күн ішінде 468 құқықбұзушылықты анықтаған.

- Профилактикалық әңгіме жүргізу және әкімшілік хаттама толтыру үшін полиция органдарына 400-ден астам жасөспірім жеткізілді. 468 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қолайсыз отбасылар есебіне 32 отбасы қойылды, - деді Алматы облыстық полиция департаменті ЖПҚБ аға инспекторы, полиция подполковнигі Медет Құнанбаев.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, 30 материал балалар құқығын қарайтын арнайы комиссияның қарауына жолданған. Ішкі істер органдарының арнайы есебіне 49 жасөспірімді алған тәртіп сақшылары екі күн ішінде 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына жеткізді.

Балалар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу және оларды қорғау мақсатында өткізілетін жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс полицейлері 700 астам мекеменің қызметін тексерген. Оның ішінде, мейрамханалар, компьютерлік клубтар мен сауда орындары бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан