ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ҚЫЛМЫС БОЛЫП САНАЛАДЫ

Уақыты: 22.05.2021
Оқылды: 1574
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасаудың заң алдындағы жауапкершілігі қандай? Апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көп тарайды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар жазаланады. Десе де, көп адам мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан бейхабар. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қазақстанда жалған ақпарат таратушылар үшін 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) соммасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Сондай-ақ:

- 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу;

- түзету жұмыстарына немесе бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Ал осы терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесті ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқындайды.

Сыйақыны төлеу терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді. Сыйақы бір мезгілде төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:

- 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;

- Қылмыстық кодексі 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша - 1000 (бір мың) АЕК.

Сыйақыдан бас тартқан жағдайда терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпаратты хабарлаған тұлға уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тиісті өтініш береді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды