ҚАСКЕЛЕҢДЕ КАРАНТИНДІ ҚАДАҒАЛАУШЫ ТОП ТАҒЫ БІР ТОЙДЫ ТОҚТАТТЫ

Уақыты: 21.08.2021
Оқылды: 1209
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданының тәртіп сақшылары карантин режиміне қарамастан жұмыс істеп жатқан кафе-мейрамханаларды анықтады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

«Еліміздегі коронавирусқа байланысты Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жүргізді. 2021 жылдың 14 тамызында сағат 17:14-те Қарасай ауданында орналасқан «МұзТау» мейрамханасы карантин талаптарын ескермей, той ұйымдастырып жатқаны, сонымен қатар, келушілердің кіру барысында дене қызуы өлшенбегендігі анықталды», - делінген аталған ведомство хабарламасында.

Ведомсвтоның мәліметіне сәйкес, анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"