Біле жүріңіз. Кез келген адам тамақ және сусындармен демалыс аймағына кіруге құқылы

Уақыты: 14.06.2023
Оқылды: 867
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сіз тұтынушы ретінде өз құқыңызды толық қорғауға құқылысыз. Мысалы төмендегідей жағдай орын алып жатса, не істеу керек?

  • Заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып саналады және оны ешкім шектей алмайды (ҚР Конституциясының 26-бабы 1 және 3 бөліктері)
  • Егер әркім билет сатып алса немесе демалыс аумағына кіру үшін ақы төлесе, тамақ және сусындармен демалыс аймағына еркін кіруге құқылы. Өйткені бұл жасалған шарттың нысаны болып саналады (ҚР Аазаматтың кодексінің 394-бабы).
  • Сонымен қатар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 8-1-б. 2-т. 3) тт. сәйкес тұтынушыға демалыс аймағына оның ішіңде тамақ пен сусынның болуына байланысты кіруге тыйым салуға жол берілмейді. Себебі бұл әрекет тұтынушыны демалыс аумағында тамақ пен сусындарды қосымша сатып алуға мәжбүрлеу болып саналады.
  •  Егер демалыс орындары тамақ сусынмен кіргізбей жатса тұтынушы ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-бөлігі бойынша жосықсыз кәсіпкерді жауапкершілікке тарту үшін шағым түсіре алады. Кәсіпкерге заң бойынша 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұлкөзделген.

Фото: көрнекілік үшін