"Зираттан ұрлық жасаған": Талдықорғанда 25 жастағы тұрғын ұсталды

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 898
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда қала тұрғындары зираттан ұрлық жасаған азаматты ұстауға көмектесті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтына сілтеп.

Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлады деген күдікті адам жауапқа тартылуда. Оны ұстауға жергілікті тұрғындар көмектесті. Олар қалалық полиция қызметкерлеріне күдіктінің және оның көлігінің белгілерін хабарлаған.

– 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам шойын қоршауларды кесіп, көлігімен алып шыққан. Ұрланған қоршауларды болашақта металл қабылдау пункттері арқылы сатуды көздеген. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, келтірілген шығын есептелді, – деді Талдықорған қаласының полициясы.

Талдықорған полицейлері ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырып жатыр.

Фото: Polisia.kz