Жетісу облысында мас күйінде көлік жүргізгендер саны артқан

Уақыты: 04.12.2023
Оқылды: 503
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және соған байланысты қылмыстық істердің сот-тергеу практикасы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, «Қазавтожол» АҚ Ұлттық компаниясының жергілікті филиалының басшылығы қатысты. Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының 13,8%-ға (528-ден 455-ке дейін) және жолдардағы қаза тапқандар санының (135-тен 131-ге дейін) төмендеуі байқалады. Оның 70%-дан астамы (328) облыстық маңызы бар жолдарда және елді мекендерде, қалғандары республикалық маңызы бар жолдарда болған.

Бұл ретте республикалық маңызы бар автомагистральдарда қаза тапқандар саны жоғары болып тұр, онда 75 адам опат болған. Осыған байланысты үйлестіру кеңесінде автожолдардың қауіпті учаскесінде тиісті жол инфрақұрылымын қамтамасыз ету және алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Отырыста жүргізушілердің мас күйінде көлік құралдарын пайдалану дерегінің (438-ден 509-ға дейін) ұлғайғаны айтылды. 

Жиында жол-көлік оқиғаларына байланысты қылмыстық істер бойынша тергеу сапасының мәселелері қаралды. Осы санаттағы 234 қылмыстық істің 76-сы сотқа жолданған. Негізгі мәселелер іс жүргізу әрекеттерінің уақтылы орындалмауы (медициналық тексеру, сот-медициналық сараптаманы тағайындау және т.б.), соның нәтижесінде жекелеген қылмыстық істерді тергеуде әуре-сарсаңға түсуіне жол берілген.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша  автожолдардағы апаттылықты азайтуға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсынымдар әзірленді.  

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: видеодан алынған кадр