ЖЕТІСУ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫҢ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАДЫ

Уақыты: 15.02.2024
Оқылды: 401
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен Сарқан ауданының тұрғынын ұстады.

Тұрғылықты жеріне санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктінің жазғы ас үйінде ұнтақ тәріздес ақ түсті зат табылған.

– Ер адам қылмыстық-діни тұлға екені белгілі болды. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасында.

Құқық қорғаушылармен тәркіленген зат жүргізілген сараптамаға сәйкес психотроптық санатқа жататын синтетикалық есірткі екені расталды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: Жетісу облысы ПД