ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНДА ЗАҢСЫЗ ЕЛІК АТҚАН ҚАРАҚШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 17.11.2020
Оқылды: 1764
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында заңсыз елік атқан браконьерлер ұсталды.

Алматы облысы полиция департаменті табиғат қорғау полициясы Іле-Алатау ұлттық паркінің орман шаруашылығы инспекторларымен бірлесе отырып, арнайы рейд барысында Түрген шатқалында 30, 31, 50 және 52 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады.

Заңсыз аң аулауды кәсіп қылғандардан тіркелген ойық ұңғылы аңшы мылтығы мен атып алынған елік тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «БМВ» маркалы автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары мемлекетке келтірілген материалдық шығынның сомасын айқындауда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"