Халал мен харамның парқын айыра алып жүрміз бе?

Уақыты: 08.02.2024
Оқылды: 623
Бөлім: ТҮПСАНА

Жетісу облысында мешіт имамдары мен жамағатқа арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ордыбай Мұхаммед дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті.

«Дінімізде кейбір нәрселер халал етілсе, кейбір нәрселер керісінше харам етілді. Әрине, бұл тиымдарда көптеген хикмет-ілім бар. Алайда, харамнан тыйылып, халалға жақын болу үшін ол жөнінде ақпаратымыздың болғаны абзал. Сондықтан да семинардың баршаңызға берер ақпараты мол деп сенемін», – деп қатысушыларға халалдың діндегі орны мен маңызы, халал сертификатының қажеттілігі мен ерекшеліктерін түсіндірді.

Фото: halaldamu.kz