63 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Уақыты: 14.11.2018
Оқылды: 2423
Бөлім: ТҮПСАНА

Бүгін республика көлемінде 15 жастан асқан барлық азаматтар жалпыхалықтық диктан жазды. "Шалқар", "Қазақ радиолары" және www.emle.kz сайтында дыбысталған мәтін 90 сөзді құрап, 30 минутқа созылды.

Диктантқа барлығы 1 миллион 530 мың адам қатысты. Оның ішінде Алматы облысынан шамамен 120 мың тұрғын бақ сынады. Ерекшелігі сол, олардың қатарында 20 немеренің әжесі Әділхан Иса да бар. Алпыс жастан асқан ол:

- Жаңа әліпбиге көшу туралы хабарланғаннан бері болашақта немерелерімнің сабағына керек болады деген оймен үйрене бастадым. Меніңше, бұранғы әліпбиден қарағанда жазылуы жеңілдеу және жатталуы да оңай, – деп аз уақыттың ішінде меңгеріп алғандығын айтты.

Әже алдағы уақытта өзінің балалары, немерелері мен туған-туыстарына осы қаріпті үйретуге ниетті.

Меруерт МАХМҰТЖАН