ТОЛҒАҚТЫ ОЙЛАР ТОҒЫСЫ

Уақыты: 14.11.2018
Оқылды: 1064
Бөлім: ТҮПСАНА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын қарпіне көшіру қажеттілігі туралы мәлімдегені, соған орай 2025 жылдан бастап іс қағаздары, құжаттама, мерзімді баспасөз, оқулықтар латын қарпінде шығуы тиіс екендігі баршаға аян.

Әліпбиді ауыстырудың ең басты қажеттілігі заман талабынан туындап отырғанын жете түсінуіміз қажет. Өйткені, мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру арқылы Қазақстан ғаламдық жаһандану үдерісіне енеді. Жалпы латын графикасы қазіргі таңда дүниежүзінде кең қолданылатын жазу жүйесі ретінде танылып отыр. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне, елімізде ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың кең таралуы мен дамуына мүмкіндік береді. Сондықтан латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселенің бірі.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру мақсатымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Текелі қаласы әкімдігінің жиынжайында «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле-ережелерін көпшілік талқылау» деген тақырыпта әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында ақпараттық-насихаттау шарасы өтті.
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ербол Тілешов, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек өз баяндамаларында ғылыми сараптамадан өткізілген емле-ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия қарауына ұсынылғандығы, жобаның мазмұны «дөңгелек үстел», семинар және көпшілік талқылау түрінде өткізілетін шаралар барысында көпшілікке ғылыми тұрғыдан кеңінен түсіндірілетіндігі, емле мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, назарға алынатындығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттық шарада орфографиялық, терминологиялық және әдістемелік жұмыс топтарының мүшелері мен тілші ғалымдар жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Шараға қатысқан қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, білім беру саласының мамандары мен мемлекеттік қызметшілерден емле-ережелеріне қатысты сауалнама алынып, емлені жетілдіруге арналған деректер мен ұсыныстар жинақталды.
Жұртшылықтың пікірі мен толғақты ойлары латын әліпбиін енгізу заман талабы екендігіне тоғысты.

Қыздархан РЫСБЕРГЕН,
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
бас ғылыми қызметкері, ономастика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор:

Жазуымыздың латын графикасына көшуіне байланысты жаңалықтар көп. Олар, ең алдымен, кирилл графикасындағы дыбыстық жүйемізге жат Ё, Ц, Ю, Я, Ь, Ъ сынды әріптерден бас тарту. Талқылау кезінде қиындық тудырған кірме атаулардың жазылуы болды. Тартыс әлі күнге жалғасып келеді. Кәсіби лингвист мамандардың арасындағы пікірталас осы кірме атауларға қатысты екіге жарылып отыр. Бірі  тіл тазалығын сақтауды, шет сөздерді тіліміздегі айтылу бойынша жазуды ұсынатын, яғни фабриканы пәбрік, физиканы пизика деп таңбалайтын «пуристер» болса, екіншісі, тілде фонематикалық принципті жақтаушы «модернистер».
Жаңа әліпби ережесіндегі жаңалықтарға тоқталар болсақ, олардың көп екендігін байқаймыз. Бұрыннан тілімізде игеріліп, қалыптасқан шеттілдік сөздер енді айтылуы бойынша жазылады. Мысалы, tayмar, noмmir, poshta, kaмstoмm, paмlte, poэyz, sэez. Ал ереженің 8-тарауы «Кейбір кирилл әріптері мен шет тілдік сөздердің емлесі» деп аталады. Онда көптеген жаңалықтар қамтылған. Мысалдар мынадай: Ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sэrk, sэfr, sэlэndr, sэrkyмl; desэmetr, medэsэna, proporsэonal, abzas, kvars, konstэtyмsэa. Ч әрпі: skoch, skech, mach. Э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, epopeэa, poetэka, koefэsent. Ю әрпі: aэyм, oэyм; Iyмpiter, Iyмrmala; kaэyмta. Я әрпі: alэаns, konэak, kalkyмlамtor. Ь белгісі ескерілмейді: baмlzam (-nynм, -y, -gмa, -dar), paмlma (-nynм, -sy, -gмa, -lar), оftaмlmolog (-tynм, -y, -qa, -tar), buмldozer (-dinм, -i, -ge, -ler), muмltfэlm (-ninм, -i,). Ъ белгісі ескерілмейді: syмbekt, оbekt, эneksэa, feldeger, adektэv. Сс, мм, лл, гг секілді қайталама дыбыстардың бірі түсіріліп жазылады: komэsar, resor, profesor, prosesor, asonans, dэsonans, dэsэdent; gramatэka, komyмna, эmyмnogen, эmэgrant, programэs, mamologэa, sэmetrэa, amэak, anagram. Ст, сть, зд әріп тіркестерінің соңғылары түсіріліп жазылады: jyмrnalэs, komyмnэs, poves. Нг әріп тіркесі Ң әрпімен жазылады: parkэnм, boyмlэnм, brэfэnм. Яғни, өз тіліміздің айтылу, жазу табиғатына жақын келеді және түпнұсқа ағылшын тілінде де осылай айтылады екен.
Елбасы латынмен қатар кирилл графикасы да қолданыста болатынын айтты. «Ондай жағдайда көптеген ұлты қазақ азаматтар төлқұжаттарын кирилл графикасында қалдыруға ерікті болса, жарым-жартылай стандарт орын алмай ма?» деген сауал туындайды. Ұлты қазақ емес азаматтардың, әсіресе, орыс есім-фамилиялары кирилл графикасында қала бере ме? Алайда келешекте латын графикалы қазақ тіліндегі келісімшарттарда, банк құжаттарында орыс фамилиялары қалай жазылады? Қазақ жазуына икемдейміз бе, жоқ, кирилше жазыла ма, әлде халықаралық стандарттағы ағылшын графикасында беріле ме? Бұл алдағы жылдары осы бағдарлама шеңберінде ведомствоаралық, мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселе.
Қазақ жазуының латын графикасына көшуінің тағдырлы сәтінде тұрмыз. Бірге арқалаған жүк жеңіл болады дегендей, ғылыми-педагогикалық ресурстар мен үкіметтік, үкіметтік емес мекеме мамандары, қоғам болып жұмылуымыз керек. Сонда ғана тілімізді реформалау жұмыстары сапалы әрі сәтті болмақ.

Юлай ШАМИЛҰҒЛУ,
Винконсин университетінің профессоры (АҚШ),
Назарбаев университеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі:

Бірнеше шет тілін толық игерген маман ретінде ұсынылған латын негізді қазақ әліпбиін жасау барысында пайда болған проблемалар мен ондағы дыбыстардың таңбалануы туралы білгенімді айта кетуді жөн көрдім. Өйткені жаңа қазақ әліпбиінің бірнеше әттеген-айы бар. Енді соған тоқтала кетсем.
Біріншіден, латынға негізделген Еуропа тілдерін білетін адам бұл әліпбиді оңай оқи алмайды. Мен өзім алдымен қазақ кирилінше оңай оқыған болсам, жаңа қазақ латын әліпбиінде мәтінді оқуға қиналамын. Оның себебі, әліпбидегі кейбір дыбыстар Еуропа тілдерін жақсы білетін адамдарды шатастыруы мүмкін. Екіншіден, неміс, фин, венгр сияқты көптеген еуропалық тілдердің әліпбиінде умлаутты (д л п ц ь) әріптер қолданады. Еуропа тілдерімен таныс халықтың бәріне д ц ь әріптері a o u әріптерінің жіңішке түрі екені белгілі. Сондай-ақ, п әрпін ы-ның орнына қолдануға да болады, мысалы qпz (түрікше kэz) «қыз». Еуропалық түркітанушылар жиі осылай қолданады. Үшінші, Еуропа тілдерінде б й н у ъ үлгілері жіңішке дауыстылардың нұсқалары ретінде пайдаланылмайды. Кейбір Еуропа тілдерінде ол екпінді, созылыңқылықты немесе әртүрлі дыбыстауды білдіреді. Өзбек тіліндегі акут у да толық жіңішке емес, o мен ц арасындағы әлсіз дыбысты бейнелейді, мысалы узбек «узбек». Төртінші, көптеген тілдерде с әрпін n [ny]-ды жұмсақ айтқанда қолданады. Бесінші, х әрпін қолданатын тілдер тіптен аз. Бұл өзбек тілінде ғ дыбысын білдіреді. Лингвистер әдетте оны жұмсақ g [gy]-ға қолданады. Алтыншы, h мен x көптеген түркі тілдерінде бөлек фонемалар. Кирилше х әрпін белгілеу үшін һ-ны қолдану дұрыс емес. Жетінші, I i мен I э дыбыстарының бас әріптеріне бір әріпті алу да қате, э әрпі тек қана екі тілде, түрік және әзірбайжан тілдерінде қолданылады. Tүрік тіліндегі kэz қазақ тіліндегі ы дыбысына жақын айтылады. Одан бөлек қазақ тілінде k q екі бөлек фонема емес. Тағы бір айта кететін нәрсе э әрпі басқа тілдерде өте аз кездеседі. Түркімен тілінде э : y эok «жоқ» деген сөзді білдіреді. Қазақ кирилшесін білмейтіндердің э әрпін кирилше у яғни u (мысалы, орыс тілінен журнал) немесе w (мысалы қазақша уақыт) дыбыстарын білдіріп тұрғанын білмейді. Бір әріптің екі түрлі дыбысты білдіріп тұрғаны қате. w әрпімен дwe «әуе» деген сияқты сөздердегі проблеманы шешетін еді. Өз басым sh және ch диграф әріптерінің орнына бір-бір дыбысты білдіретін әріп қолдануды дұрыс санаймын. Түріктер ә з секілді таңбаларды қолданады. Қазақ тілінде диграф әріптерді қолдану басқа проблемаларды шығаруы мүмкін.
Негізі әліпбиді түркі тілдерін жақындата түсетіндей етіп жасау қажет. Сондықтан Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбектің нұсқасы дұрыс деп санаймын. Қазақ әліпбиін жаңадан жасаудың мақсаты – әлемдік кеңістіктегі орнын жоғарылатып, көп халыққа түсінікті ету. Алайда беріліп отырған әліпби ол мақсатты орындай алмай, керісінше, қазақ тіліне деген құрметті жоғалта ма деген қорқыныш бар. Қазақстанның латын негізді жаңа әліпбиді қабылдаудағы негізгі мақсаттарының бірі – елді әлемдік кеңістікке шығару және шетелдік бизнесті, туризмді дамыту болса, ұсынылған әліпбиге әлі де болса ішінара толықтырулар енгізу керек.

Шора БАТЫРБАЕВ
Текелі қаласы