ЕСІКТЕ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ҮЙ ӘПЕРЕМ ДЕП АЛДАҒАН АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 08.05.2021
Оқылды: 1413
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Есік қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен үй алып берем деген алаяққа алданып қалды.

Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Есік қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданған. Ол мемлекеттік бағдарламамен Есік қаласынан 3 бөлмелі пәтер алуға көмектесуге уәде етіп, алаяқтық жолмен 1,6 млн.теңге ақшасын иемденіп кеткен азаматқа заңды шара қолдануды сұраған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

- Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында күдікті - 39 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол жауап алу барысында ерлі-зайыптылардың сеніміне кіріп, арнайы мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп 1 600 000 теңге көлемінде қаражат алғанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды, - деді Еңбекшіқазақ АПБ бастығының бірінші орынбасары Жақсылық Алтынбаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"