ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ТЕНТЕК ҚЫЗДАРЫ АУЛАДАҒЫ ОРЫНДЫҚТЫ АУДАРЫП ТАСТАДЫ

Уақыты: 02.09.2021
Оқылды: 1200
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғанда мектептің оқушы қыздары ауладағы орындықты түбімен қопарып, құлатты. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті тентек қыздардың ұсталғанын хабарлады.

Оқушылардың бұзақы әрекеті түскен бейнежазба алдымен әлеуметтік желіге тарады. Кадрда үш қыздың төбесі көлеңкеленген орындықты шайқап, артынша құлатып, қаша жөнеледі. Желі қолданушылары жасөспірімдердің бұзақылық әрекетіне теріс пікір жазды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорған полициясы жедел-іздестіру кезінде 14, 15 және 17 жастағы қыздарды анықтаған. Істің мән-жайын анықтау үшін олар тәртіп сақшыларының бөлімшесіне жеткізілген. «17 жастағы тұрғынның үстінен ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік шара қолданылды. Барлық қыздар мектептегі полицияның тізіміне алынды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"