Талдықорған әкімдігі Оқушылар сарайының алдын итпен толтыра ма? (видео)

Уақыты: 25.09.2023
Оқылды: 3464
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғандағы бұралқы ит мәселесі тұрғында қанша шағым түсіріп, белсенділер неше рет шырылдағанмен шешілген түгі де жоқ. Керісінше өршіп бара жатқандай.

Оған куә, басқа басқа емес жас ұрпаққа құтты ұя болған шаһардағы Оқушылар сарайының алдында бүгін таңғы уақытта балаларды бір топ ит қаппақ болып қуалаған. Таңғы уақытта көше бойында жүрген үлкендер жағы арашалап әлек болған.

Оқи отырыңыз: ҚАҢҒЫҒАН ИТ ҚАЗЫНА МА?

Тілшіміз бұл барысты таспалап алған. Байқасаңыз қаңғыбас иттер балалар ойнайтын алаңқайды өз мекендеріндей иемденген.

"Бұл не масқара? оқушылар сарайының алдында бұралқы иттер өріп жүр. Егер үлкен адамдар арашаламаса бұлар біреудің мәпелеп отырған баласын жазым етпей ме? Жауаптылардан бір шара қолдануын сұраймыз", дейді сол төңіректе серуендеп жүрген қала тұрғыны. 

Тақырыпқа орай: Ит пен мысықты чиптеудің қажеттілігі неде?

Біз осы бір ғана адамның жан-айқайынан тұтас Талдықорғандағы тұрғындардың алаң көңілін байқағандаймыз. Мұндайда көмейіңе «Талдықорғанда ұлт келешегін ит қуалап жүр»  деген дап-дайын тақырып келетіні бар.

Келмей көрсін дейсіз кейіп. Алда жалда бұл сорақылықты сол балалардың ата-анасы көргенде "дау" қайда барып басыларын кім біліпті? Ал қапса ше? Тұла бойың түршігеді ойлаудың өзінен.

Бұл жағдайді біз алғаш рет көтеріп отырсақ қанекейіңіз. Басқа жылдарды айтпағанда, осы жылдың өзінде бұған дейін аталған мәселеге орай газетімізде «Қаңғыған ит қазына ма?», «Ит пен мысықты чиптеудің қажеттілігі неде?» атты арнайы екі мақала жариялағанбыз.

Демек, бұл жай әбден қоғам аңысын туғызып, ел ашуын қоздырған мәселеге айналды деген сөз. Ал Талдықорған әкімдігінде әзірге үн жоқ. Бәлкім, осы жағдайдан соң жүейлі жұмыс жасайтын болар.

Фото: көрнекілікке алынды