ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕГІ ЕҢ КӨП ОБЛЫС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 26.08.2020
Оқылды: 1289
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Ranking.kz сарапшылары қай аймақтарда парақорлыққа қатысты ең көп құқықбұзушылық тіркелгенін айтты. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

Зерттеу мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар - шілдесінде елімізде парақорлыққа қатысты 877 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл былтырға қарағанда 3,2 пайызға көп.

- Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлық бойынша құқықбұзушылықтардың ең көп саны Батыс Қазақстан облысында тіркелді - 100 оқиға, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 2,1 есе көп. Сондай-ақ, тізімнің үштігіне Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы да кірді: әр өңірде тіркелген құқықбұзушылықтар саны - 75, - дейді сарапшылар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"