СОҢҒЫ ЕКІ КҮНДЕ 454 АДАМНАН ІНДЕТ АНЫҚТАЛДЫ: ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 27.07.2021
Оқылды: 1010
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында соңғы екі күнде 454 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы аптада коронавирустың ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Райымбек, Сарқан, Талғар аудандарында және Талдықорған қаласында байқалды. Осы тоғыз өңірде вирустың жұғу қаупі жоғары болып отыр.

26 шілдедегі жағдай бойынша 27 620 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 26 пациент шығарылды, 25 адам үйден оқшаулаудан босатылды. Ал 27 шілдедегі жағдай бойынша облыста барлығы КВИ-дің зертханалық расталған 31 006 жағдай тіркелген, оның ішінде 20 128 адамда симптомдық белгілер бар.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5 пайыздан 0,7 пайызға дейін ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл (2,1%), Балқаш (0,9%), Еңбекшіқазақ (0,8%), Іле (0,8%), Қарасай (1,0%), Райымбек (0,8%), Сарқан (1,0%), Талғар (0,9%) аудандарында тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан