БІР КҮНДЕ 311 АДАМ! АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ІНДЕТ ӨРШІДІ

Уақыты: 03.08.2021
Оқылды: 1138
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 3 тамыздағы жағдай бойынша 311 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырушылар Талдықорған, Талғар, Өтеген батыр - үш елді мекенде көп тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9 пайызға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан аудандарында байқалды. Бүгін вирус жұқтырғандардың 266-сы симптомдық, 45-і симптомсыз. Індет анықталған 311 адамның 39-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша аудан-қалалардағы көрсеткіш мынадай: Ақсу - 6, Алакөл – 4, Балқаш – 4, Еңбекшіқазақ - 29, Ескелді – 4, Жамбыл – 18, Іле - 34, Қарасай - 32, Қаратал - 8, Көксу - 5, Панфилов – 12, Райымбек - 2, Талғар – 36, Ұйғыр – 11, Кеген - 3, Қапшағай қаласы - 14, Талдықорған қаласы – 76, Текелі қаласы - 13.

Бүгінде Алматы облысында барлығы 28 126 пациент емделіп шығарылды, тәулігіне стационардан 24 пациент үйіне қайтарылды, ал үй оқшаулауынан 40 адам босатылды.

Вакцинация бойынша Алматы облысында бірінші компонентпен 556 113 адам егілді. Екіншісі 394 333 адамға салынды. Вакциналанғандар арасында мемқызметкерлер – 11 871, медицина қызметкерлері – 23 356, педагогтар – 38 153, БАҚ өкілдері - 196. Созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 4207 және басқа да қызмет салаларының өкілдері - 432 514 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды