КЕШЕ 148 АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ. КОРОНАВИРУС ӘЛІ КҮШІНДЕ, САҚТАНЫҢЫЗ!

Уақыты: 01.10.2021
Оқылды: 1111
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Кеше Алматы облысында 233 адамнан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, 409 адам емделіп, үйіне қайтарылды. Облыс әлі "сары аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласы мен Талғар ауданында 33 жағдайдан, Алакөл ауданында – 32, Текелі қаласында – 22, Еңбекшіқазақ ауданында – 20, Панфилов ауданында – 14, Қарасай және Қаратал аудандарында 10 жағдайдан, Іле ауданында – 9, Ескелді, Жамбыл және Кербұлақ аудандарында 8 жағдайдан, Балқаш ауданында – 7, Көксу және Сарқан аудандарында 6 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында 2 жағдай тіркелді.

Облыста 1414 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 148 адам түсті. Төсек-орын саны - 3450. Төсек-орын жүктемесі – 40,9 пайыз. Соңғы 3 күнде 11358 адамның сынамасы ПЦР зертханаларында тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 755 723 адам алды. Ал екпенің 2-ші компонентін алғандар 660 948 адамға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"