АМАНДЫҚ БАТАЛОВ: "ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 64 ДӘРІГЕРГЕ ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ"

Уақыты: 12.11.2021
Оқылды: 1196
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында дәрігер жетіспеушілігі мәселесін болдырмау үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Мәселен, жыл басынан бері оларға 127 пәтер берілген, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг кезінде айтып берді.

Әкімнің айтуынша, денсаулық сақтау саласында биылғы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынуда.

Облыс әкімі «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының елді мекендерді көркейтуге тиігізіп отырған оң әсеріне де тоқталып өтті. Аталмыш бағдарлама аясында төрт ауылдық мәдениет үйі жөнделген, үш саябақ ашылған, Талдықорған қаласы мен Үштөбе теміржол вокзалының жанындағы скверлер абаттандырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"