АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1500-ДЕЙ НЫСАН КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН

Уақыты: 13.12.2021
Оқылды: 1341
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпидемияға қарсы режимді сақтауды бақылау мақсатында Алматы облысында мониторингтік топтар құрылғаны белгілі. Бүгінде аталмыш топтардың жұмысы жалғасын табуда. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Облыстағы 268 мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері кіреді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 13 желтоқсанға дейін мониторингтік топ мүшелері 36 415 рейд жүргізді, 185 269 нысанды тексеріп, талаптарды бұзған 1456 объектіні анықтады. Нысандардың барлық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалды.

Тексеру материалдары және бұрын мониторингтік топ берген материалдар бойынша 92 603 485 теңгеге 843 объектіге әкімшілік жаза қолданылған. Оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілерінде және көңіл көтеру орындарында 275 хаттама толтырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"