БҮГІН 7 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ. ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ. СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 25.08.2022
Оқылды: 1165
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы мен Жетісу облыстарында коронавирус жұқтыру дерегі әлі тоқтаған жоқ. Бұл туралы Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

25 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында барлығы 35783 коронавирус жағдайы тіркелген. Соңғы тәулікте 4 адам жұқтырған, өсу қарқыны - 0,01%. Оның ішінде, үшеуі ересек адам, ал біреуі 14 жасқа дейінгі бала. Індет тіркелген аудандар: Балқаш, Іле, Талғар және Қарасай. Сонымен қатар, Алматы облысында вакцинаның алғашқы дозасын 721 867 адам алды. Бұл иммундауға жататын халықтың 88,6 пайызы деген сөз. Екінші дозаны 696 836 адам немесе тұрғындардың 85,5 пайызы салғызған.

"Комирнати" вакцинасымен 7013 жүкті әйел, 24 715 лактация кезіндегі әйел және 172 833 жасөспірім егілді. Сонымен қатар, ревакцинация курсынан 332839 адам, қайта ревакцинация курсынан өңірдің 37204 тұрғыны өтті.

Жетісу облысында КВИ-дің зертханалық расталған барлығы 38307 жағдайы тіркелген. Соңғы тәулікте 3 адамнан індет анықталды. КВИ анықталған жағдайларының ішінде ересектер - 2, 14 жасқа дейінгі балалар - 1. Індет Сарқаннан, Талдықорғаннан және Текелі қаласынан шыққан.

Жетісу облысында вакцинаның алғашқы дозасын 319 316 адам алды, бұл иммундауға жататын халықтың 83,0 пайызы деген сөз. Екінші дозаны 306 751 адам салдырды.

"Комирнати" вакцинасымен 2065 жүкті әйел, лактация кезінде 10 358 әйел және 49 497 жасөспірім егілді. Сонымен қатар, ревакцинация курсынан 141471 адам, қайта ревакцинация курсынан өңірдің 16737 тұрғыны өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"