КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУШІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ШҰБАТ ҰНТАҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

Уақыты: 09.03.2020
Оқылды: 1900
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Шыңжаң Вангюань" биотехнологиялық компаниясы түйе сүтінен жасалған 3000 қорап өнімді вирустың алғашқы ошағы - Уханьға көмекке барған дәрігерлер тобына жіберді.

"Wangyuan Group" компаниясы Шыңжаңнан көмекке барған, Уханьдағы алдыңғы шепте коронавируспен күресіп жатқан 386 дәрігердің денсаулығына алаңдап, адам ағзасының имунитетін күшейтетін таза түйе сүтінен жасалған өнімдерін көмекке берді. Аталған компания құны 1,05 миллион юань (шамамен 57,2 млн теңге) болатын, "Wangyuan" түйе сүтінің ұнтағын сыйға тартқан.

Айта кетсек, түйе сүтінің шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі. Оның адам ағзасына сіңімділігі - 98 пайыз. Дәрігерлер шұбатты тұрақты пайдаланған адамдар туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын анықтаған.

"Қазақпараттың" "Алтайақпарат" сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Шыңжаңдағы "Wangyuan Group" компаниясы түйе сүтін зерттеумен және өндірумен айналысатын Қытайдағы ең ірі өндіріс орталығы. Сонымен бірге, компания түйе сүтінен косметика жасау, түйе етінің өнімдерін өндіру бағытында да жұмыс істейді. Компанияның өнімдері 1300-ден астам арнайы дүкен мен 800 ірі супермаркет желісінде және 13-тен астам шет мемлекетке сатылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"