ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 15.04.2023
Оқылды: 1122

Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде ауыр ателтикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Ежелден ауыр ателтиканың мектебі қалыптасқан жетісулықтардың бүгінгі нәтижесі де көңіл қуантады.

Жалпы зілтеміршілеріміз 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль алды. Жалпыкомандалық есеп бойынша ұлдарымыз 2-орын, қыздарымыз бас жүлдеге ие болды.

Осы ретте жеңімпазбен жүлдегер болған облысымыздың спортшыларын атай кетсек Данил Ли (49 келі), Регина Никифорова (45 келі), Марина Синицына (49 келі), Надежда Ли (76 келі) және Аида Ибрайым (+81 келі) І-орын алса, Регина Герасимова (40 келі), Анастасия Бетехтина (49 келі), Ақжол Құрманбек (67 келі), Ерасыл Ыбырай (73 келі), Диана Салықова (81 келі), Сағынбек Самарқан (+102 келі) ІІ-орын алды.

Одан бөлек өңіріміздің зілтеміршілері Ульяна Неруш (59 келі), Әлихан Әскербай (61 келі) және Тұңғат Жуат (96 келі) үздік үштікті түйіндеді. Бұл облыс спортшыларының клешекке жасалған нық қадамдарының бірі. Алдағы уақытта әлі талай турнирде топжаратындықтарына сенімдіміз.   

Серік Қантай