Елена Рыбакинаның Берлинде өтетін турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Уақыты: 19.06.2023
Оқылды: 816

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Берлинде (Германия) өтетін WTA 500 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы, деп  Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші айналымдағы кездесуде Рыбакина 20 жастағы ресейлік Полина Кудерметовамен (WTA рейтингінде 141-орында) ойнайды.

Кудерметова финалдық іріктеуде Швейцария өкілі Сюзан Бандеччиді (388-орын) жеңіп, Берлиндегі турнирдің негізгі жеребесіне өткен.

Bett1open турнирі Берлинде 19-25 маусым аралығында өтеді.