Азия ойындарына қатысатын қазақстандық каратешілер тізімі

Уақыты: 06.09.2023
Оқылды: 629

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын каратэшілер тізімі белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұлттық құрама бапкері Тарек Абдессалам жариялады. Азия ойындарында қазақстандық каратешілер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. 

Ерлер: 

60 кило: Қайсар Алпысбай
67 кило: Дидар Әмірәлі
75 кило: Нұрқанат Әжіқанов
84 кило: Данияр Юлдашев

Әйелдер: 

50 кило: Мөлдір Жаңбырбай
61 кило: Әсел Қанай
68 кило: Лаура Әліқұл
+68 кило: Софья Берульцева

Қазіргі таңда отандық каратэшілер Франциядағы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.