Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады

Уақыты: 06.09.2023
Оқылды: 596

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) бір айдан кейін IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) екі титулды сарапқа салады. Бұл жекпе-жек 14 қазан Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Vesti.kz сайтына сілтеп хабаралйды.

Қазақстандық боксшы бұл кездесуде аталған екі белбеуден басқа тағы бір салмақты титулдың болғанан қалайды.

"14 қазанда мен The Ring журналының белбеуі үшін айқасқым келеді! WBO, IBF және The Ring белбеулері сарапқа бірге салынса тамаша болар еді", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде.