Мемлекет басшысы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

Уақыты: 19.09.2023
Оқылды: 579

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – деді Президент.

Фото: ашық дереккөзден