Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі екінші жеңісіне қол жеткізді

Уақыты: 21.09.2023
Оқылды: 486

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық раундындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда Румыния құрамасымен өткен кездесу 4:3 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда қазақстандықтар төрт рет қонақтарды қапы қалдырды. Соққан голдар: Дуглас Жуниор (екінші минут), Альберт Ақбалықов (11), Эдсон (16) және Біржан Оразов (20). Қонақтар сапында бірінші таймда (төртінші минут) Маня Саболич гол соқты.

Екінші таймда румындар тағы екі нәтижелі шабуыл ұйымдастыра білді. 32-минутта Андре Луи Сассе гол соқса, 36-минутта Манья дубль жасады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы бірінші турда Нидерланд құрамасын сырт алаңда ұтқан болатын. Рикардо Кака шәкірттері келесі кездесуін 6 қазан күні сырт алаңда Әзербайжан құрамасына қарсы өткізеді.