Еліміздің 10 теннисші әлемдегі ТОП-100 спортшының қатарына кірді

Уақыты: 27.11.2023
Оқылды: 604

Еліміздің 10 теннисші Бүкіләлемдік теннис қауымдастығының рейтингіндегі 100 спортшының қатарына кірді.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, ТОП-100 спортшының тізіміне Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Александр Бублик, Алекснадр Недовесов, Андрей Голубев, Әмір Омарханов, Асылжан Арыстанбеков, Ева Корыншева мен Томирис Нұржан қосылды.

WTA рейтингінде Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Путинцева жылды 69-сатыда аяқтайтын болса, жұптық сында Данилина 56-да тұр.

Ерлер арасында АТР рейтингінде Бублик әлемнің 32-ракеткасы болса, жұптық сында Недовесов 44-ші, Голубев 61-орынға жайғасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингінде үздік жүздікке екі теннисші енді. Омарханов 57-ші, Арыстанбекова 66-сатыға орналасты.

14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингінде Корышева 50-орында болса, Нұржан 91-ракетка болып тұр.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Фото: goprotect.ru-ден алынды