Киберспорт - жастарға арналған әлеуметтік лифт

Уақыты: 11.12.2023
Оқылды: 590

Киберспорт әлемнің барлық елінде қарқынды дамып келе жатқан спорттың бір түрі. Қазақстандықтардың әлемдік аренадағы жетістіктерінің нәтижесінде 2018 жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт ресми түрде спорт түрлерінің тізіміне енгізілді. Еліміз де жаһандық үрдістен қалыс қалмай, осы салада айтарлықтай алға басулар байқалады. Бұл спорттың ерекшелігі неде? Киберспортшы болу үшін не істеу керек?

Киберспорт ұғымы әлдеқашан әлемдік деңгейде өз мәртебесін алып қойған. Миллиондаған аудитория жинайтын бұл ойында, жыл сайын әртүрлі елдерде жарыстар өткізіліп, онлайн-режимінде қоғам назарынан түспейді. Топырлаған тобыр жиналып қана қоймай, әмиянды да толтыратын бұл спорт түрі жыл сайын миллиард долларға дейін табыс алып келеді. Бұл көрсеткіш алдағы 1-2 жылда екі еселенеді деген болжамдар айтылуда. Турнир қаралымы қарапайым дәстүрлі спорт түрлеріне дес бермей телеарналарда да жарыққа шығуда. Ойын барысында жанкүйерлер тек тартысты бәйге көріп қана  емес, цифрлы әлемнің жаңа технологияларымен де танысады. Бұл тек ойыншылар үшін ғана емес, демеушілерге де қоғамдағы өсу баспалдағы болатын сәт. Әлемдік жарыстардың жүлде қоры 20 миллион долларға дейін, кейде тіпті одан да жоғары болып жатады.

Соңғы жылдарға көз жүгіртсек киберспорт Қазақстанда да өз қанатын кеңге жайған. Тіпті, керемет дамуын бастан өткеріп, энтуазисттар үшін өмірдің маңызды бөлігіне айналды. Бұл жағдай жастардың ойын-сауықты пайдаланып, кәсіби түрде өз дәрежесін көрсету барысында қалыптасты. Қазақ жеріне киберспорт 2000 жылдары келді деп топшыласақ болады. Алғашқы компьютерлік  клубтар пайда болып, ғаламторға бет бұрған кезең. Ең бастапқы турнирлер ЖОО-ларда өткен. 2017 жылдың аяғында «Qazaq Cybersport Federation» федерациясы өз жұмысын бастап, 2018 жылдың 25 маусымында ресми түрде бұл ойынды спорт түріне айналдырды. Елімізде қазір бұл спорт түрін кәсіби жүргізгісі келіп, оқуға ниеттенген талапкерлер саны күннен күнге артуда. Сондықтан бұл бағытты қарастыратын түрлі академиялар мен мектептер ашылуда. Ең мықты ойыншылар ел намысын әлем аренасында қорғай алады. Уақыт өте келе бұл спортқа қызығушылық артып, әлемдік киберспорт аренасына ел атынан қатысатын жас командалар пайда бола бастады. Қазір Қазақстан Dota 2, CS:GO, League Of Legends ойындарында мықты қарсылар атанған командаларымен мақтана алады. Adren (Даурен Кыстаубаев) және Hobbit (Абай Хасенов) сияқты еліміздің ойыншыларының есімі әлемге танылып, ордамызға танымалдылық пен даңқ алып келді.

Негізінен киберспортты екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, командалық ойын. Бұл бағытта көбіне экстраверттер, тобын рухпен толтырып отыратын адамдар ойнайды дейді мамандар. Мысалы: DOTA 2, CS:GO, LEAGUE OF LEGENDS және т.б. ойындары команданың бірігуі арқылы жүзеге асырылады. Екіншісі, бір адамның қатысуымен ойналатын бағыт. Әдетте, бұл жолды интроверттер таңдайды. Себебі, жеңістері мен сәтсіздіктері үшін өзі ғана жауапты болады. Мысалы: FIFA 2022 СПОРТ СИМУЛЯТОРЛАРЫ, PES ESPORTS, BATTLE ROYAL және т.б ойындары. Түрлі кедергілерге қарамастан еліміздегі киберспорттың болашағы жарқын болуға уәде береді. Себебі, елбасымыз инфрақұрылымға, білім беруге және талантты жастардың дамуына белсенді инвестицияларын салуда. Отандастарының жетістіктерінен шабыт алатын жастар осы салада кәсіби мансап құруға ұмтылуда.

Киберспорттың ерекшелігі тек құмарлық қана емес, жақсы табыс көзі мен мансаптық сатыға айналуы. Спортшылар мен ойыншылардан басқа, "тик-токерлерде", "юуберлерде" және "инстаграммерлерде"өздерін киберспортта көрсету мүмкіндігі пайда болды. Кейбіреулер үшін ойынға деген қызығушылық әлеуметтік лифт ретінде әрекет етеді, әсіресе мансаптық мәселелерге емес, өзін-өзі дамытуға және сүйікті ісін іздеуге қызығушылық танытқандар үшін. Бұл қадамдардың жемісі айына 400 мыңға жетуі мүмкін. Цифрлы спорт саласы, ең алдымен, өзінің қол жетімділігіне байланысты сұранысқа ие. Қызығушылық танытқан жанға бұл бағытта даму үшін  бастапқыда компьютердің, планшеттің немесе минималды гарнитурасы бар қарапайым смартфонның болуы жеткілікті. Ойыншы мықтылығын дәлелдеп жеңіске жететін болса, сыйақы алады. Ал егер, ойыншы белгілі бір ұйымнан атынан шыққан жағдайда жалақы тағайындалады. Жүлде қоры турнирдің тәртібіне байланысты өзгеріп тұрады. Кейбір ойындарда миллиондаған долларға дейін жетіп жатады. Мысалы, ресейлік Team Spirit командасы Dota 2 ойынында әлем чемпионатында – The International 2021 финалында жеңіске жетті. Жеңімпаздар жүлдесі 18,2 миллион долларды құрады.

Қазақстанда киберспортқа деген қызығушылықтың артуымен жаңа білім беру мүмкіндіктері пайда болуда. Кейбір университеттер киберспортқа қатысты бағдарламаларды ұсынады, онда студенттер ойындардың техникалық аспектілерін де, табысты командаларды құру және дамыту үшін қажетті басқару дағдыларын да үйрене алады. Киберспорт стратегиялық ойлауды, жылдам шешім қабылдауды және нақтылықты талап етеді, жас ойыншылардың когнитив қабілеттері мен моторикасын дамытады. Командалық ойындар топтық жұмыс, қарым-қатынас және көшбасшылық құндылығын үйретеді, жеке адамдарды жан-жақты команда ойыншыларына айналдырады.

Бұл жастарға ойындарға деген сүйіспеншілігін кәсіби қызметке аудару мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар эспорт индустриясында жаңа жұмыс орындарын ашады. Осы саладағы кәсібиліктің артуы жастар үшін жаңа мансап жолдарын құруға ықпал етеді. Өзін оқшауланған немесе дәстүрлі әлеуметтік ортада байланысу үшін күрескен жасөспірімдерге жатқызу сезімін береді. Онлайн ойын қауымдастықтағы пікірлес адамдар жалғыздық сезімінен арылып, достық қарым-қатынасты дамытатын ортақ мүдде арқылы байланыса алатын қауіпсіз кеңістік ұсынады.

   «Онлайн ойындарға деген қызығушылығым 13 жасымнан басталды. 2018 жылға дейін тәжірбиемді арттыру мақсатында түрлі ойындар ойнадым. Кәсіби киберспортшы болу басты ойымда болмаған, маған тек ойын ойнаған ұнайтын. Әртүрлі сайыстарға қатысып дамып жүргенімде, 2020 жылы Қазақстанда беделі бар киберспорттық команда мені өздеріне ойнауға шақырды. Қазіргі таңда Қазақстандық AVANGAR ұйымының мүшесімін. Кәсіби киберспортшының өмірі тек ойынмен шектелмейді. Бұл дәрежеге жету үшін мен көп қиындықтан өтіп, аянбай еңбек еттім. Қазақстанда қомақты қаражаттандырылған турнирлар көп ұйымдастырылады, қатысатын ойыншылар да аз емес. Әр адам киберспортшы бола алады, алайда, ол үшін қажымас қайрат пен қажырлы еңбек керек.» – дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті, AVANGAR командасының ойыншысы Даулет Абайұлы.

Заманауи инфрақұрылым киберспорттың табысты дамуында шешуші рөл атқарады. Қазақстанның түрлі қалаларында турнирлер мен жаттығуларды өткізуге арналған эспорттық ареналар пайда болды. Виртуалды шындық, бұлттық қызметтер және жоғары жылдамдықты интернет сияқты технологиялық инновациялар жаттығулар мен жарыстарға ыңғайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, киберспорт инфрақұрылымын дамытудың арқасында елде технологиялық шешімдерге қолжетімділік артып келе жатқанын атап өткен жөн. Бұл тек киберспорттың дамуына ғана емес, сонымен бірге елдегі жалпы технологиялық прогреске де ықпал етеді.

Гейминг қоғам құндылықтары мен мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Қазақстандық командалардың жетістіктері мақтаныш пен ұлттық бірлік сезімін тудырады. Сонымен қатар, командалық жұмыс, стратегиялық ойлау және киберспортқа қатысу арқылы дамитын шешімдер қабылдау қабілеті өмірдің басқа салаларына ауысады. Киберспорттың әлеуметтік маңыздылығы-бұл жастар арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу үшін платформа жасайды. Ол қоғамның әртүрлі салаларын ойындар мен жарыстарға деген жалпы құмарлықтың айналасында біріктіреді. Қазақстандағы киберспорт қазіргі заманғы мәдениет пен қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Ол ұрпақтарды біріктіріп, технологиялық прогресті дамытып, білім мен мансаптық өсудің жаңа мүмкіндіктерін жасайды. Ел жаңа сынақтарға дайын, ал қазақстандық киберспортшылар кедергілерді жеңіп, жастарды шабыттандырып, әлемдік киберспорт сахнасына өз үлестерін қосуды жалғастыруда.

Ажар Заманғазинова
ХАТУ студенті