Рыбакина тай-брейктегі жеңісі бойынша әлемде үздік атанды

Уақыты: 15.12.2023
Оқылды: 640

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылдың қорытындысы бойынша тай-брейктегі жеңісі бойынша үздік атанды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

OptaAce басылымының мәліметінше, қазақстандық теннисші биылғы WTA турнирлерінде 16 тай-брейкті өз есебіне жазған. 

Бұл көрсеткіш бойынша бразилиялық Беатрис Хаддад Майя екінші орында тұр. Оның еншісінде 15 тай-брейктегі жеңіс бар. Сондай-ақ үздік бестікке ресейлік Екатерина Александрова (14), чехиялық Петра Квитова (13) және Беларусь өкілі Арина Соболенко (13) енді. 

Биыл Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетіп, Индиан-Уэллс пен Рим WTA 1 000 турнирлерінде жеңімпаз атанған еді. 

Фото: Sports.kz