Тақта үстіндегі тартыс

Уақыты: 30.12.2023
Оқылды: 870

Жуырда  Назарбаев зияткерлік  мектептер  арасында шахматтан  республикалық спартакиада өтті. Аталмыш жарысқа 22 командадан 188 шахматшысы қатысып, мықтылар тақта үстінде тартысқа түсті.

Бәсекеде Талдықорған қаласының да шахматшылары бой көрсетіп, үздіктердің қатарынан көрінді. Үш күнге созылған шахмат ойыны  тартысқа толы болды. Әр өңірден үкілеп қосқан үміттері намысты қолдан бермеді. Талдықорғандық оқушылар да қалыспай, Мұратбай Әмірхан 5-сыныптар арасында жекелей сында жүлделі 3- орынды қанжығасына байлады. Жалпыкомандалық есепте де жерлестеріміз үздік үштікке табан тіреді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Іріктелген үздіктердің арасынан жүлделі орынға қол жеткізу Талдықорғанда балалар шахматының дамып келе жатқанын көрсетеді. Қаламызда шахмат ойынына деген балалардың қызығушылығы жылдан-жылға артып келе жатыр. Жыл бойына қатысқан бірнеше жарыстан олжасыз оралған жоқ. Келер жылы да талдықорғандық шахматшыларды үлкен жарыстар күтіп тұр. Сол бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім мол.

Айдос ТҰРЫСБЕКОВ,
шахмат жаттықтырушысы