Паратаэквандо: Үш жолдама бар

Уақыты: 14.01.2024
Оқылды: 564

Еліміздің паратаэквондошылары биыл Парижде өтетін Паралимпиаданың үш жолдамасына ие болды. 

Паралимпиада ойындарының іріктеу ережесі бойынша К44 санатындағы 80 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Нұрлан Домбаев, 80 келіден жоғары салмақтағы Нышан Өмірәлі және 57 келіден төмен сынға түскен Кәмила Досмалова сынды паратаэ- квондошыларымыз жолдамаға қол жеткізді. Аталған паратаэквондошыларымыз әлемдік рейтингте өз салмақтары бойынша үздік 20 спортшының қатарында. 

Бүгінгі күнге дейін қазақстандық параспортшылар Париж – 2024 Паралимпиадасына 5 лицензия алды. Олар: паражеңіл атлетика, парапауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, параканоэ және паражүзу. 

Еске сала кетсек, кейінгі өткен Токио Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 25 спортшы алып барып, 5 медаль  (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) алған еді ( жалпыкомандалық есеп бойынша 48-орын алды).

Серік ҚАНТАЙ, 
спорт шолушысы