Қазақстан-Люксембург футбол матчына төрешілер белгіленді

Уақыты: 26.03.2024
Оқылды: 336

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінде Германия елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Бас төреші - Кристиан Дингерт. Оған Роберт Кемптер мен Кристиан Дитз көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - люксембургтік Иву Торреш.

Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама беретін Ұлттар лигасы плей-офф сатысы жартылай финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Фото: спортмастер